Найзағай жарқылдағанда читать онлайн

О книге

Автор:

Жанр:

Издано в 2026 году.

У нас нет данных о номере издания

Аннотация

Бұл жинаққа қазіргі қоғамның түрлі қырын бейнелейтін әңгімелер енген. Автор адам жанының терең иірімдерін, өмірдің күрделі сәттерін, адами қарым-қатынастардағы нәзік сезімдерді шынайы суреттейді. Автор жас болғандықтан бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қозғайды. Кітап көпшілікке арналған.

Данила Тоқтасынова - Найзағай жарқылдағанда


Өлеңдер

Жүрегімде қара құрдым

Махаббатты жоқтайды.

Дүниеде ешнәрсеге

Зауқым неге соқпайды?

Көңіл шіркін, мың құбылып,

Өз қызығын таппайды.

Уақыт болса жеткізбейді.

Жетсем егер, тоқтайды.

12.03.2022


Беймаза ойлар мезі қып,

Әрнәрсені сыбырлар.

Жанымды жеген уайымым

Кеудемде мәнсіз жыбырлар.

Жайымды қазір тез ұғып,

Түсінер адам қайда бар?

Өзімнен өзім бұғынып,

Кісіге айтпас сырым бар.

21.03.2022


Күн. Бірінші цикл.


Күнге қарай жүріп келем,

Жүріп келем, жаяумын.

Өзіме өзім күліп келем,

Өйткені енді "ояумын".


Күнге қарап сыбырлаймын

"Жақын қалдым, таяумын"

Ал Күн үшін қыбырлайтын

Құмырсқадай баяумын.


Күнге қарай жүріп келем,

Қанша болды, білмеймін.

"Жарық өмір" сүріп келем

Бірақ Күнді көрмеймін.


Күнге қарай жүріп келем,

Үміт өлмей көнбеймін…

Жеткізбесін біліп келем,

Үміт күндей сөнбейді.

11.05.2024


Күн патшалығы. Екінші цикл

(Бейнебаянның желісі бойынша жазылған)


Құдай теңдей өмір берді,

Көрсін, білсін, тойсын деп.

Бар адамға “көңіл” бөлді.

Жамандығын қойсын деп.


Алайда,

Күн патшасы әмір берді,

Айдың халқын жойсын деп,

Күннің даңқын шартарапқа

Өшпейтіндей жайсын деп.


Күн ханзада Ай аруды

Пәк сезіммен сүйіп ед.

Әкесінің айтқан сөзі

Ұлы үшін күйік ед.


Дегенмен,

Хан ұлына ел борышы

Махаббаттан биік ед,

Бала кезден өз парызын

Санасына түйіп ед.


Ай халқына келген азап

Қырып-жойды теп-тегіс.

Қалай ғана өзге “тозақ”

Біреу үшін тек жеңіс.


Сонда да,

Ауру әке, ару Ай қыз

Тірі қалуға серт етті.

Білсең, Құдай -Әділ жалғыз.

Ханзада жанын дертті етті.


Жылдар жылжып, уақыт сырғып

Күндер зулап өткенде.

“Күнін” “Айға” табыстырды

Құдай ерте көктемде.


Бірақ…

Ай-қыз “Күнге” оқ жіберді

Кек мезгілі жеткенде.

Ол да жұртын таңдаған ед.

Жасын төгіп, сөккенге.

28.06.2024


I'm from


Мен архивтегі кітаптардың шаңынанмын.

Оттекпенен көмірқышқыл араласқан

Табиғаттың заңынанмын.

Мен терезе маңынанмын.

Мөлдір, тұнық әйнектен

Көрінеді дүниенің арғы жағынан мұң.

Мен мәңгі түсін өзгертпес жасыл шыршамын.

Бар болмысыммен өзгермеуге тырысамын.

Мен астан соң қайыратын қысқа дұғамын.

Қысқа жапқан банкідей сезімдерді жүрегіме тығамын.

Мен әжемнің аян берер түстерінен,

Анамның істеріненмін.

Сенбі сайын жағатын моншаның ыстығынан,

Адамдардың суығынанмын.

Мен «Арбаның алдыңғы дөңгелегі қайда жүрсе,

Соңғысы да сонда жүретіндерденмін».

Мен Мұхаммедтің үмметі боп өмір сүретіндерденмін.

Аса өзенінің сағасынанмын,

Төле бидің жалғасынанмын.

Апамның тәбеншеге піскен нанымын,

Бәрінің сүйіп жейтін бананымын.

Әкемнің аманаты өлер алдын,

Атамның кеңесшісі кетер алдын.

Мен Естеліктер, ескі заттар, елес заттар сақталатын қоймамын.

Оларды өткен күндер жандансын деп қойғанмын.

Кеткен өмір жаңғырсын деп қойғанмын.

12.09.2022


С этой книгой читают