Ғарышқа саяхат читать онлайн

О книге

Автор:

Жанр:

Год издания неизвестен.

Номер издания: 9785006205802.

Аннотация

«Ғарышқа саяхат» кітабымен керемет ғарыш сапарына барыңыз! Бұл ғажайып ғылыми энциклопедия ғаламның құпияларын ашуға ұмтылған жас ғалымдар үшін жазылған. Планеталар, жұлдыздар және ғарыштық құбылыстар туралы қызықты фактілерге толы әрбір бет таңғажайып ғарыш әлеміне портал болып табылады. Жас астрономдар мен ізденімпаздар үшін өте қолайлы бұл кітап балаларды ғарыштық ортаның ғажайыптарын зерттеуге шақыра отырып, ғарыштың кеңдігіне таңдану сезімін оятады.

Жансая Ғалымова - Ғарышқа саяхат


© Жансая Ғалымова, 2023


ISBN 978-5-0062-0580-2

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

КІРІСПЕ

Адам баласын аспан әлемі ертеден бері қызықтырып келгені рас. Сенің де, құрметті оқырман, ғарыш әлеміне деген қызығушылығың осы кітапқа алып келсе керек. Бұл кітап арқылы сен ғарыш кеңістігіне бізбен бірге саяхаттап, аспан әлемінің сырларын ашып, әлем туралы біліміңді кеңейте аласың.

Кітапта ғарыш туралы ең негізгі мағлұматтар, атап өткенде:

– Күн жүйесі

– Құс жолы

– Ғарыштың зерттелу тарихы

– Зымырандар және ғарыш кемелері

– Ғарышкерлердің ғарыштағы өмірі

– Экзоғаламшарлар тақырыптары қамтылған.

Бұл кітап сенің үлкен армандарың мен мақсаттарыңның бастамасы болады деп сенеміз!


КҮН ЖҮЙЕСІ

Біздің Жер ғаламшарымыз Күнді айналатын 8 ғаламшар, кометалар мен мыңдаған шағын ғаламшарлардан тұратын Күн жүйесінде орналасқан. Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун ғаламшарлары аталған ғарыш жүйесінің негізін құраушылар. Бұл ғаламшарлардағы орташа қалыпты температура, айналу периоды, күннің және жылдың ұзақтығы олардың Күннен ара қашықтығына байланысты өзгереді.

Күн

Күн – Жерге өте жақын орналасқан кәдімгі жұлдыз, керемет үлкен газды шар. Оның алапат тартылыс күшінің арқасында Күн жүйесі жұмыс істейді, яғни Күнді 8 үлкен ғаламшар эллипстік орбита бойымен айналып жүреді.

Күннен бөлінетін жылу мен энергия – Жер бетінде тіршіліктің негізі. Күн сәулесінің өсімдіктерге түсуінен фотосинтез процесі жүріп, тіршілік үшін маңызды оттегі бөлінеді.

Күннің жарығы Жерге 8 минутта жетеді, яғни біз әрдайым Күннің 8 минут бұрынғы бейнесін бақылаймыз.

Күннен шығатын жарық Жер бетіне кішкентай, салмақсыз бөлшек фотон арқылы 3*10>8м/с жарық жылдамдығымен жетеді.



Жарықтың салмақсыз бөлшегі-фотон


Жердің өз өсінен айналуынан күн мен түн ауысса, Күнді айналуының нәтижесінде жыл мезгілдері ауысып отырады.

Күннің диаметрі шамамен 109 Жер диаметріне, ал массасы 332 940 Жер массасына тең. Күннің температурасы жуықтап алғанда 5500 >0С-ға тең.


Күн қалай энергия бөледі?


Жұлдыздың басты құрамдас бөліктері сутек және гелий элементтері. Күннің тартылыс күші жоғары болғандықтан, онда өте үлкен қысым пайда болады. Мұндай жағдайлар термоядролық синтездің орын алуына, яғни сутек атомдарының қосылып, гелий түзіп, жоғары мөлшердегі энергияның бөлінуіне алып келеді.



Күндегі термоядролық синтездің көрінісі

Меркурий

Меркурий Күн жүйесіндегі ең кішкентай және Күнге ең жақын орналасқан ғаламшар. Меркурийдің Күннің айналасында бір айналым жасау уақыты 87,97 жерлік тәулікке тең және бұл ғаламшарлар арасындағы ең қысқа жыл болып саналады.


С этой книгой читают